Шымкентте жол ережесін бұзған жүргізушілер 128 млн теңгеге жуық айыппұл арқалады

534

Шымкенттің “Сергек" сақшысы 336 мыңнан астам құқық бұзушылықты тіркеген. 

Шымкентте жол ережесін бұзған жүргізушілер 128 млн теңгеге жуық айыппұл арқалады

Шымкентте "Сергек" камералары арқылы жарты жылда 336 мыңнан астам құқық бұзушылық тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz ІІМ ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Жол қозғалысы ережелерін бұзудың осы жылдың алты ай көрсеткіші бойынша "Сергек" бақылау жүйесіне Шымкент қаласы аумағында жол ережесін бұзған 336 мыңнан астам құқық бұзушылық тіркелді. Қазіргі таңда "Сергек қорғау – қауіпті жүргізуші" бағдарламасы Полиция департаментінде 19 сәуірден бастап іске қосылған.

Осы күнге дейін "Сергек қорғау" бейнекамераларының көмегімен 1 299 жүргізуші анықталды. Оның ішінде ресейлік нөмірмен жүрген 1 102 жүргізуші, армян – 110, қырғыз – 43, грузин – 8, Өзбекстан – 19, Қазақстан – 4, Беларусь – 2, Әзірбайжан – 1, Болгария нөмірімен жүрген бір жүргізуші анықталды.

Сондай-ақ 4 982 жол қозғалысы ережелерін бұзудың сомасы айыппұлмен 127 801 875 теңгені құрайды. 1 008 автокөлік айыппұл тұрағына қойылды. Мысалыға айта кетсек, жалған нөмір таққан Toyota Camry автокөлігі 48 рет жол қозғалысы ережесін бұзған, оған 1 млн 13 мың теңге сомасында айыппұл салынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу