Шымкентте жол ережесін бұзуды жасанды интеллект анықтап жатыр

113

Цифрлық жүйелер мыңдаған құқықбұзушылықты тіркеп, жол қауіпсіздігін арттыруға ықпал етуде.  

Шымкентте жол ережесін бұзуды жасанды интеллект анықтап жатыр Фото: monopoly

Шымкентте жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейту мақсатында жасанды интеллектке негізделген цифрлық жобалар енгізілуде, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

 Қалалық әкімдіктің мәліметінше, жүйелер жол ережесін бұзу фактілерін автоматты түрде анықтап, құқықбұзушылық туралы деректерді тіркейді.

"Жаяу жүргіншілер өткелі" жобасы аясында 2025 жылдың тамызы мен желтоқсаны аралығында Байтерекова көшесіндегі "Хюндай центрі" маңында 9 мыңнан астам, ал Рысқұлов көшесіндегі "Самал" базары маңында 25 мыңнан астам құқықбұзушылық анықталған.

Сондай-ақ "Ақылды жаяу жүргінші" жүйесі 2026 жылдың наурыз айында Жібек жолы көшесінде 343, Тәуке хан көшесінде 146 жол қозғалысы ережесін бұзу дерегін тіркеді.

Мамандардың айтуынша, жасанды интеллект технологияларын қолдану жүргізушілер тәртібін жақсартып, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік беріп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу