Шымкентте жол ойылып, жүк көлігі түсіп кетті

1384

Арықтың болмауынан жауын суы жерге сіңіп, құбырларды бітеп тастаған. Оның соңы асфальттың опырылуына апарып соққан.

Шымкентте жол ойылып, жүк көлігі түсіп кетті

Оқиға Шымкенттегі Жолдыбай Нұрлыбаев көшесінде орын алған. Тұрғындардың айтуынша асфальттің қақырауы мұнда алғаш рет емес. Тұрғындар әкімдікке шағымданбақшы, деп хабарлайды otyrar.kz.

Жол үстінде жантайған "Су ресурстары маркетинг" ЖШС-нің жүк көлігі. Кәріз құбырын бақылаймыз деп шыққан олар күтпеген жерден жолда қалыпты.

Тұрғындардың сөзінше "Су ресурстары – Маркетинг" "өздері қазған орға өздері түскен". Бірақ, бұл пікірмен серіктестік мамандары келіспейді. Айтуларынша, кінә коммуналдық жүйе қызметкерлерінен кеткен, арықтың болмауынан жауын суы жерге сіңіп, құбырларды бітеп тастаған. Оның соңы асфальттың опырылуына апарып соққан.

"Бүгінгі таңда аталған кәріз коллекторын қиып өтетін диаметрі – 300 мм болат ирригациялық құбыр бітелу салдарынан, траншеяға су кеткендігі анықталды. Сол себепті, ұзындығы 15метр, ені 3метр, тереңдігі 60 см траншея отырған. 6 қаңтар күні "Су ресурстары – Маркетинг" ЖШС-нің қызметкерлері тексеру барысында отырған жерлерді анықтап, тас төсеу барысында тас артқан меншігіміздегі ауыр жүк көлігінің артқы жағы траншеяға түсіп кеткен. Бүгінгі таңда пайда болған барлық ақаулар өз есебімізден қалпына келтірілді, отырған жерлерге тас төсеу жұмыстары толығымен жүргізілді. Ауа райының қолайсыздығына байланысты асфальт қабатын төсеу жұмыстары наурыз айына қалдырылды",– дейді Шымкент қалалық "Су ресурстары маркетинг" ЖШС"/нің кәріз бөлімінің маманы Бақыт Орманов.

Жүк көлігін көтере алмай, опырылған жер қазір тегістеліп, қайта қалпына келтірілді. Бірақ, бұл тұрғындардың көңілін көншітпейді. Себебі әкімдікке арызданып жүріп салдырған жолдар бұған дейін де бірнеше рет опырылып түскен екен. Жағдай тағы да қайталана ма деп қорыққан олар енді қала әкіміне бармақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу