Шымкентте жолақыны көтеруге мораторий жарияланды

770

Шымкентте жолақыны көтеруге мораторий жарияланды

Шымкент қаласындағы қоғамдық көліктегі билет бағасы туралы мәселеге мораторий жарияланды. Бұл туралы қала әкімдігінде өткен қоғамдық көлік туралы жиналыста айтылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда қалалық әкімдік пен жолаушы тасымалдаушы компаниялар арасында жасалған қоғамдық көлік бағыттарында қызмет көрсету келісімшарты жаңартылуда. Біраз компаниялармен түзілген келісім-шарт тоқтатылды. Нақты айтқанда, №38, 101, 33, 12а, 134 және 21 бағыттар бойынша мамыр айында конкурс ұйымдастырылады.

Ал 112-орам, Текесу, Алтынтөбе, Ақжайық және Достық-2 тұрғын алаптарына қатынайтын әлеуметтік маңызы бар 10 бағыт бойынша да конкурс мамыр айында ұйымдастырылады. 

Шымкент қаласының әкімі Нұрлан Сауранбаев жолаушы тасымалдаушы компания жетекшілерінен қоғамдық көліктердің техникалық жағдайы мен санитарлық тазалығының талаптарға сай болуын талап етті. Бұған қоса жүргізушілер мен кондукторлардың бірыңғай киініп, қызметтік мәдениетті сақтауын, қозғалыс кестелерінің кешкі уақыттарда орындалуын қатаң бақылауға алуды тапсырды.

 Жиналыста, сонымен қатар, жауапты мамандарға көлік жүргізушілері жол жүру ережелерін бұзған және басқа да талаптарды орындамаған көлік компанияларымен арадағы келісімшартты заңға сәйкес бұзуға, шаһардағы көше қиылыстарында интеллектуалды бағдаршам санын арттыруға, сондай-ақ, заңсыз ұйымдастырылған такси тұрақтарын жою туралы тапсырма берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу