Полицияның мәліметінше, жүргізуші көлігін әдейі тайғанатып, жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндірген.
Құқық қорғау органдары оның жеке басын анықтады. Заңбұзушылыққа барған 26 жастағы Асадбек Умаркулов екені белгілі болды.
Оған қатысты ұсақ бұзақылық дерегі бойынша әкімшілік іс қозғалып, сот шешімімен 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.
Полиция өкілдері жүргізушілерді жолда қауіпті маневрлер жасамауға және қозғалыс қауіпсіздігін сақтауға шақырды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу