Бейнежазба жарияланғаннан кейін полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп, ер адамның жеке басын анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, тексеру барысында жануардың денесінен ешқандай жарақат анықталмаған.
Соған қарамастан, тексеру қорытындысы бойынша жүргізуші жануарларға қатыгездік танытқаны және оларды тасымалдау қағидаларын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды.
Полиция жануарларды тасымалдау кезінде белгіленген талаптарды сақтап, олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін әрекеттерге жол бермеу қажеттігін еске салды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу