Шымкентте жүргізуші заңсыз төккен қоқысын өзі жинады

Қоқыс тастау фактісі дрон арқылы анықталған.  

Шымкентте жүргізуші заңсыз төккен қоқысын өзі жинады Фото: Видеодан скриншот

Бүгінде жүргізуші жауапкершілікке тартылып, автокөлігі арнайы айып тұрағына қойылып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шымкент қаласында бейнебақылау жүйелері мен дрондардың көмегімен қала аумағында қоғамдық тәртіп пен тазалық талаптарының сақталуына тұрақты негізде бақылау жүргізіліп келеді. Кезекті тексеру кезінде абаттандыру талаптарын бұзып, белгіленбеген жерге қоқыс тастаған КамАЗ жүргізушісі анықталды.

Полиция қызметкерлері шара қолданғаннан соң жүргізуші құқық бұзушылықтың салдарын жойып, өзі тастаған қоқысты жинап, аумақты ретке келтірді.

"Заң мен тәртіп" қағидаты аясында полиция қызметкерлері абаттандыру талаптарының сақталуын бақылауға, ортақ пайдаланылатын орындардың ластануына жол бермеуге және құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған рейдтік іс-шаралар жүргізуде.

Жыл басынан бері Шымкентте қаланың тазалығы мен сыртқы келбетіне, экологиясына және имиджіне кері әсер ететін 30 мыңнан астам құқықбұзушылықтың жолы кесілген.

Полиция тазалық пен тәртіпті сақтауға бағытталған "Таза Қазақстан" қағидатын мүлтіксіз қамтамасыз етуге дайын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу