Шымкентте жұртқа жалған шот-фактура жазып берген тұрғын ұсталды

473

Күдікті жалған құжаттар жасап, салықтан жалтару үшін 3 компания құрған.

Шымкентте жұртқа жалған шот-фактура жазып берген тұрғын ұсталды

Шымкенттік тұрғын өз ойын жүзеге асыру үшін түрлі компания құрған деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментіне сілтеме жасап.

Арнайы тексеріс барысында азаматтың қылмысы әшкереленді. Қазір іс сотта қаралып жатыр.

Агенттіктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, Шымкенттің тұрғыны қылмысты іске асыру үшін 3 компания құрған. Олардың айналымдағы қаржысы 1,1 миллиард теңгеден асқан. Мемлекет бюджетіне 380 миллион теңгеден астам салық түспеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу