Шымкентте жыл басынан бері 93 өрт шыққан

242

Өрт оқиғалары былтырғы жылға қарағанда 50%-ға көбейді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Шымкентте жыл басынан бері 93 өрт шыққан Фото: ТЖМ

Келген шығын 247 млн теңгеден асқан. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Эльмира Ережепова брифингте айтты. 

Спикердің сөзінше, өрттен басқа биыл 289 жану фактісі тіркеліп, өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға өскен. 

Биыл бес айда қалада орман және дала өрті тіркелмеген. 

"Қала аумағында екі орман шаруашылығы орналасқан. Бұл – Түркістан облысына қарасты Бадам және Шымкентке қарасты Жасыл белдеу орман шаруашылығы. Екі орманның жер көлемі 4 мың гектардан асады. Өрт қауіпсіздігі кезеңіне дайындық барысына келсем, екі орман шаруашылықтың балансында 3 негізгі өрт сөндіру техникасы, 14 бейімделген техника, 279 өрт сөндіру құралы мен 6 мотопомпа бар. Департаменттің оқу орталығында осы орман шаруашылықтарының қызметкерлері оқудан өткен. Ал біздің департаментте болуы мүмкін орман дала өрттерін сөндіруге жоғары өтімді 13 техника және жеке құрамнан 84 адам дайындықтан өткен", – деді Эльмира Ережепова.

Биыл өрт қауіпті кезеңге ықтимал табиғат өрттерді жер жырту жолымен оқшаулау мақсатында жалпы ұзындығы 1 110 шақырымды құрайтын жерде минералды жолақтарды жырту жоспарланған.

Бүгінгі таңда республикалық маңызы бар жолдардың жанында 117 га жерде, орман шаруашылықтарында 200-дей шақырым минералды жолақ жыртылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу