Шымкентте жыл басынан бері жалған нөмір таққан 103 жүргізуші анықталды

571

Шымкентте жалған мемлекеттік нөмір тағып жүрген жүргізушілер жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шымкентте жыл басынан бері жалған нөмір таққан 103 жүргізуші анықталды

Қалалық Полиция департаментінің қызметкерлері жыл басынан бері жалған мемлекеттік нөмірлі көлік құралдарын басқарған 103 жүргізушіні анықтаған.

"Барлық жайт бойынша құқықбұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 4-тармағы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, жүргізушілер жауапкершілікке тартылды. Айта кетейік, заңнамаға сәйкес бұл құқықбұзушылық 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады", - деп жазды ведомстводан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу