Шымкентте жылдар бойы куәліксіз жүрген 52 тұрғынға құжат берілді. Бірінің жеке куәлігі жоқ болса, енді біреуінің әлі күнге дейін туу туралы куәлігі рәсімделмеген. Жеке құжаттарының жоғынан құқы шектеліп келген азаматтарға таяуда Қаратау аудандық прокуратурасының қызметкерлері көмек қолын созды, деп хабарлайды otyrar.kz.
Прокурорлар тұрмысы төмен отбасы балалаларын анықтау мақсатында тексеру шаралары кезінде Қайнар бұлақ саяжайында 39 оқушы мен 13 ата-ананың жеке құжатының болмағынын анықтап отыр.
Қадағалау органының өкілдері құжаттандыру жұмыстарын әлі де жалғастырады. Прокурорлар ауданда жеке құжаты рәсімделмеген тұрғындарды анықтау мақсатында тиісті шараларды жалғастырамыз дейді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу