Шымкентте зообаққа кіру ақысы төмендеді

1648

Қала әкімінің қаулысымен билет бағасы бұрынғы 500 теңгеден 300 теңгеге дейін арзандады. 

Шымкентте зообаққа кіру ақысы төмендеді

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов зообаққа кіру ақысын төмендетті, деп хабарланды зообақтың facebook-тегі арнайы парақшасында.

Қала әкімінің қаулысымен билет бағасы бұрынғы 500 теңгеден 300 теңгеге дейін арзандады. Енді Шымкент зообағына кіру билетінің бағасы ересектер үшін – 300 теңге, ал балалар билеті 150 теңге болып белгіленіп отыр.

"Шымкент зообағы халық көп келетін демалыс орындарының бірі. Баға арзандады. Бұдан былай мұнда келушілер саны бұрынғыдан артады. Біз халықтың әлеуметтік жағдайын үнемі назарға алып отырамыз", - деді Ғабидолла Рахматоллаұлы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу