Шымкенттегі "Самал" шатқалына 5 мың түп ағаш отырғызылды

1049

Шымкенттегі "Самал" шатқалына 5 мың түп ағаш отырғызылды

Бүгін облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың қатысуымен "Шатқал" бағдарламасы аясында қаладағы салынып жатқан екінші саябаққа 5 мың түп көшет отырғызылды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

"Самал" шатқалы атауы берілген саябақ 38 га аумақты алып жатыр. Ұзындығы – 1750 метр. Қараусыз қалған сай-саланы абаттандырып, көгалдандыру мақсатында 15 мыңнан астам үйеңкі, емен, шаған, шынар, қарағаш, сексеуіл, қараған, жылауық тал мен арша, қарағай калифорниялық терек егіледі.

Еліміздегі тұңғыш жоба саналатын бағдарламаның жай-жапсарына тоқталған өңір басшысы игі іске баршаны бір кісідей қатысып, қаланы жасыл желекке айналдыруға үлес қосуға шақырды.

Саябаққа келушілер ашық аспан астындағы амфитеатрларда ұйымдастырылған түрлі мәдени кештерді тамашалайды. Одан бөлек балалар алаңы, шахмат пен дойбы алаңы, веложолдар мен спорттық жаттығуға арналған орын мен полиция бөлімшесі салынып ел игілігіне беріледі.

Бағдарламаның басты мақсаты – қараусыз қалған шатқалдарды халық демалатын саябаққа айналдыру. Бұл әдіспен салынған саябақтарды әлемнің өркениеті дамыған елдері табиғи ландшафты сақталған деп жоғары бағалап, сүйікті демалыс аймақтарының біріне айналдырған.

Эколог ғалымдардың мәлімдеуінше желтоқсан-ақпан айларында егілген жасыл желек табиғаттың түрлі жағдайына – ыстық пен суыққа төтеп беріп, төзімді болуға септігін тигізеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу