Себебі, аймақтағы демографиялық өсім мен мегаполиске көшіп келушілерлің саны артқан, деп жазады inbusiness.kz.
Бүгін оқу-ағарту министрі Ғани Бейсенбаевпен кездескен қала жұртшылығы білім саласындағы өзге де проблемаларды сөз етті. Шаһардағы 3 мектепте спорт залы және 1 білім ұясында асхана жоқ. 26 мектептің тозығы жеткен. Былтыр 12 мектептегі 140-тан астам педагог біліктілігін арттырмаған. 38 мектеп пен 93 балабақшада жалпыға міндетті білім стандарты орындалмаған.
"Мектептердің жаңа замануи жабдықтармен жабдықталу мәселесін де шешімін табуды қажет ететін мектептеріміз бар. Соны түбегейлі шешуіміз керек. Төртінші мәселе жаңа мектептердің қатарын көбейтумен қатар ескі мектептерді күрделі жөндеуде де атқаратын жұмыстар көп", - деді Ғани Бейсембаев ҚР Оқу-ағарту министрі.
Ғабит Әбдімәжитұлы басқарма басшысына кемшіліктерді қалпына келтіру, директорлар мен мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру және білім алушыларға заманауи талапқа сай қолайлы жағдай жасауға тапсырма берді.