3 жасар қыздың өліміне оның әкесінің қатысы болуы мүмкін

6225

Марқұм Кәусардың әкесі спирттік ішімдікке әуес екен.

3 жасар қыздың өліміне оның әкесінің қатысы болуы мүмкін

Кәусардың көршісі Евгения Носованың айтуынша, қыздың Қайрат, Диас, Жеңіс есімді үш бауыры бар. Ол анасы жұмысқа кеткенде сол бауырларымен үй ауласында ойнаған. Тіпті, отанасы үйде болған күнде де, үйіне кіре бермейді екен. Себебі, марқұм спирттік ішімдікке құмар әкесінің бөтелкелес достарына да үйреніп қалыпты. Сондықтан, мас адамдардан қорқа бермейді екен. Десе де, Евгения Кәусардың бөтен адаммен еріп үй ауласынан алысқа кетпейтініне сенімді.  

"Менің білуімше олардың әкесі әрқашан ішіп жүретін. Менімше, қыз бөтен адамға бара қоймайды. Ол қыз әрдайым осы есіктің алдында ойнайтын еді. Бөтен адамға ол бармас еді. Өз әкесі бірдеме істемесе... Өйткені, өзінің баласына жақындаған... Қыздар мен балалар арасында өзінің үлкен ұлына қол жүгірткен деген әңгіме болған. Яғни, ол оны ішінен жауып алып зорлық жасаған. Бәрі де мүмкін", – дейді ол.  

Көршілердің сөзіне сенсек, бұған дейін де МЖК шағын ауданындағы отбасылық жатақхананың араққа әуес тұрғындары кішкентайларға көзалартып қараған сәттері болған екен. 

Еске сала кетсек, Шымкентте 3 жасар бүлдіршіннің денесі табылған еді.

Арай Есенбек

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу