Шымкенттегі дельфинарийдің жануарлары зардап шеккен жоқ. Дельфинарий иелері осылай деп отыр. Олар кешелі бері әлеуметтік желіде пайда болған суретке қатысты түсінік берді.
"Дельфин-шоудың" директоры Артур Беляков метал құрылымның төбесі опырылып түскені жайлы ақпарат шындыққа жанаспайды дейді. Жануарлар осыдан біраз уақыт бұрын арнайы көлікпен басқа қалаға жол тартқан. Ал метал құрылымды бұзуды және жануарларды алып кетуді жеңілдету үшін төбедегі ауаны шығардық деп отыр.
Еске салайық, Шымкентке гастрольмен келген мәскеулік дельфинарий жоспарлаған турын ерте аяқтауға мәжбүр. Дельфинарийдің әкімшілігі уақытынан бұрын шоу бағдарламаларын аяқтап, қайтуға шешім қабылдапты. Себебі, бағдарлама пайда әкелмеген
Otyrar.kz