Шымкент дендросаябағы көктемгі ағаш егу науқанына дайын. Сондай-ақ, демалыс орны абаттандырылып, көркі кіре бастады. Бюджеттен бөлінген 295 млн теңгеге ауқымды жұмыстар атқарылуда, деп хабарлайды otyrar.kz.
Аумағы 117 гектар аумақты алып жатқан дендросаябаққа үш қақпа арқылы кіруге болады. Бәйдібек би көшесіндегі негізгі қақпадан бөлек, А. Байтұрсынов және Қ. Төлеметов көшелерінің бойында да қақпа ашылған. Мұнда келушілерге ыңғайлы болуы үшін арнайы автотұрақ салынған. Ол 2 гектар жерді алып жатыр. Көктемде қылқан жапырақты ағаш көшеттері отырғызылмақ. Дендросаябақта аспан әлемін тамашалайтын алып телескоп та орнатылады дейді сала мамандары.
Естеріңізге салар болсақ, бұл саябаққа Асанбай Асқаровтың есімі берілген. Мұнда 230 түрлі 95 мың түп ағаш егілген. 5 географиялық флоралық зона бойынша аумаққа бөлінген. Бүгінде олардың қатары сирепті. Биыл олардың орны толтырылмақ.