Шымкенттегі ескі қалашық ашық аспан астындағы мұражайға айналады

1683

Бүгінде қалашықтың маңындағы сауда нысандары бұзылып, аумағын қоршау жұмыстары жүргізілуде. 

Шымкенттегі ескі қалашық ашық аспан астындағы мұражайға айналады

Шымкенттегі ескі қалашық бекінісін қалпына келтіру жұмыстары келесі жылы аяқталады, деп хабарлайды otyrar.kz.

"Цитадель" қалашығы болашақта туристер мен қала тұрғындарының қызықты орындарының біріне айналатын болады. 2020 жылы Шымкент ТМД елдерінің мәдени астанасы жылнамасына енген. Бүгінгі таңда аталған нысанда археологиялық қазба жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр.

Жерасты қаласында археологтар көптеген тарихи жәдігерлер тапты. Көлемі 4 гектарды алып жатқан үйіндінің астында не барын ғалымдар дөп басып айта алмайды. Дегенмен, табылған кейбір заттар 4 ғасырға тиесілі дейді.

"Алғаш ескі қалашықтағы қазба жұмыстары 2003 жылы "Мәдени мұра" бағдарламасы аясында басталған. Соңғы үш жылда жұмыс қарқынды жүргізіліп жатыр. Мынау орын бұрынғы үйлердің белгісі. Әр бөлмеде астық сақтайтын ыдыстар бар екені көрініп тұр. 19 ғасырдағы  тұрмыс тіршілігі байқалады.

"Аумақ тарихи мәдени орын болғандықтан, 50 метрге дейін құрылыс салуға болмайды. Бүгінде қалашықтың маңындағы сауда нысандары бұзылып, аумағын қоршау жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде, ескі қалашық ашық аспан астындағы мұражай болады",– дейді археолог Жанна Сүлейменова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу