Шымкенттегі газ тарату стансасы биыл қолданысқа беріледі

530

2023 жылдың жоспары биыл аяқталады.

Шымкенттегі газ тарату стансасы биыл қолданысқа беріледі

Бір милион тұрғыны бар Шымкент қаласын газбен қамтуға қолданыстағы стансалардың күші жетпейтінін талайдан бері айтылып келеді. Осы мәселені шешу үшін 2023 жылға дейін жаңа станса салу жоспарланған болатын. Қала әкімі Мұрат Әйтеновтің айтуынша, құрылыс мерзімінен бұрын бітетін түрі бар.

"Қолданыстағы газ тарату стансасының қуаты қазіргі қажеттілікті өтеуге жетпейтіні шын. Осыған байланысты №3 қосалқы станса салу жоспарланған. Оның құрылысы 2023 жылы бітуі керек еді. Бірақ қаладағы күрделі ахуалды ескеріп, барлық қаражатты биыл бөліп тастадық. Осының арқасында желтоқсанда құрылысты аяқтаймыз. Қазірдің өзінде жұмыстардың 95 пайызы қазір бітіп тұр.  Егер осы айда бітірсек, Шымкентті газбен қамту мәселесі толық шешіледі. Бірақ бұл Шымкенттің барлық елдімекендері газға жалғанады деген сөз емес. Әлі де болса тиісті инфрақұрылым тартылмаған аудандар бар. Бұл станса қолданысқа берілсе, газ тарату қуаты 100 пайыз жеткілікті болады деген сөз", - деді әкім.

Есжан Ботақара
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу