Шымкенттегі Jýsan Bank-тің бөлімшесінде ер адам граната көрсетіп, кассаны тонамақ болды

1217

Дабыл түймесі басылып, банк бөлімшесіне ведомстводан тыс күзет келіп, полиция қызметкерлері шақыртылып, тонаушы ұсталған.

Шымкенттегі Jýsan Bank-тің бөлімшесінде ер адам граната көрсетіп, кассаны тонамақ болды

Шымкент қаласының Jýsan Bank бөлімшесіне келіп, кассадан барлық ақшаны тартып әкетпек болған ер адам ұсталды, деп хабарлайды банк.

"Мангельдин көшесі, 43/1 мекенжайы бойынша орналасқан Jýsan Bank-тің №112 БҚО бөлімшесіндегі қылмыс  әрекеті кезінде 1971 жылы туылған ер адам ұсталды, ол оқу гранатасын пайдаланып, кассадан қолма-қол ақшаны алу арқылы қылмыс әрекетін ұйғарған болатын",– деп хабарлайды банктің байланыс бөлімі.

Күдікті банк бөлімшесінің кассасына ақша айырбастау үшін келгендей кейіп танытқан. Ол кассирге электронды кезек талонымен бірге "Бомба" деген жазуы бар қағазды көрсетіп, қорқытады. Осылайша барлық қолма-қол ақшаны беруді бұйырыпты. Ал банктегі барлық клиенттер мен қызметкерлерге гранатасы бар екенін айтып, қоқан-лоққы жасайды.

"Банктің қауіпсіздік бөлімінің қызметкері Смайл Әжікұлов дәл сол мезетте тонаушымен келіссөз жүргізіп, оның ұйғарған әрекетінен бас тарту үшін әрекет етті. Смайл сол сәтті пайдаланып, тонаушыны бірден залалсыздандырып, кейін  оның оқу гранатасы-муляж екеніне көз жеткізді",– дейді банктен.

Дабыл түймесі басылып, банк бөлімшесіне ведомстводан тыс күзет келіп, полиция қызметкерлері шақыртылып, тонаушы ұсталған. Қазіргі уақытта тергеушілер куәгерлерге сұрау салу мен дәлелдер жинау жұмысын жүргізуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу