Шымкенттегі Қайрат Нұртас концертінде қыз зардап шекті: полиция қылмыстық іс қозғады

108

Әлеуметтік желілерде стадионға кіреберісте адамдардың шамадан тыс көп жиналғаны туралы ақпарат тарады.

Шымкенттегі Қайрат Нұртас концертінде қыз зардап шекті: полиция қылмыстық іс қозғады Фото: @kair_n

Шымкентте Қайрат Нұртас концерті кезінде қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Адамдардың көп жиналуына байланысты келушілердің бірі зардап шекті. Қыз медициналық мекемеде дәрігерлердің бақылауында", – делінген полицияның хабарламасында.

Іс-шараны ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Ұйымдастырушылардың әрекеттеріне құқықтық баға беріледі.

Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Қайрат Нұртастың концерті кезінде медициналық көмекке жүгінген сегіз адамның жетеуі тексеруден кейін үйіне жіберілген. Ал 18 жастағы қыз ауруханаға жатқызылып, дәрігерлердің бақылауында ем қабылдап жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу