Шымкенттегі "Кең баба" этнопаркі бұзылып жатыр

152

Заңсыз иеленген жер телімдері мемлекетке қайтарылуда.

Шымкенттегі "Кең баба" этнопаркі бұзылып жатыр Фото: Бейнежазбадан

Шымкентте заңсыз иемделген жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Бүгін Тәуке хан даңғылы №43 "а" мекенжайында орналасқан "Кең баба" этнопаркі бұзыла бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.                

Құрылысшылар саябақтың қоршауларын алып, жертелімін босатуда.

– Сот шешімімен саябақта заңсыз салынған ғимараттарды бұзу жұмыстары басталды. Жалпы аумағы 1294 шаршы метр жер мемлекетке қайтарылып, бастапқы қалпына келтіріледі, – делінген Шымкент қаласы өңірлік коммуникациялар қызметі таратқан ақпаратта. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу