Шымкент қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде шыққан өрт кезінде 17 адам құтқарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оқиға Шымсити шағынауданындағы Түркия көшесінде орналасқан тұрғын үйде болған. Пәтерлердің бірінде үй жиһаздары мен тұрмыстық заттар өртенген.
Оқиға орнына жедел жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері дереу құтқару жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде баспалдақ маршымен 17 адам, оның ішінде 13 бала қауіпсіз жерге шығарылды.
Өрт 4 шаршы метр аумақта толық сөндірілді. Құтқарушылар жалынның басқа пәтерлер мен бөлмелерге таралуына жол бермеді.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу