Шымкенттегі коронавирустан көз жұмған науқасқа қатысты мәлімет берілді

819

Науқас ауруханаға түскеннен 3 күн өткен соң қайтыс болды.

Шымкенттегі коронавирустан көз жұмған науқасқа қатысты мәлімет берілді

 

Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасы коронавирустан көз жұмған науқас туралы мәлімет берді.

1968 жылғы туған Шымкент қаласы, Абай ауданының тұрғыны 20 сәуірде Шымкент қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасының реанимациялық бөліміне түскен.

"Ауруханаға түскен кезде, науқастың ауыр жағдайына байланысты, ӨЖЖ аппаратына қосылды. Науқаста дилатациялық кардиомиопатия, жүрекше фибрилляциясы, артериялық гипертензия, созылмалы жүрек жетіспеушілігі, қант диабеті сияқты ілеспе аурулары болды. Емдеу хаттамаларына сәйкес, науқасқа барлық қажетті емдеу шаралары жүргізілді. Бірнеше рет республикалық мамандармен кеңес өткізілді. Жүргізілген реанимациялық іс-шараларға қарамастан, 23 сәуірде сағат 20:30-да науқас қайтыс болды",– деп жазылған басқарма хабарламасында.

Науқаспен байланыста болған барлық азаматтар оқшауланып, карантинге алынған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу