Шымкенттегі мектеп асханаларында заңсыздықтар анықталды

179

Қаладағы 56 мектепте оқушыларға арналған тегін ыстық тамаққа бөлінген қаржыны заңсыз иелену деректері анықталды.  

Шымкенттегі мектеп асханаларында заңсыздықтар анықталды Фото: kursiv.kz

Тексеру барысында асханаға бармаған оқушылар үшін де жалған тіркеулер жасалғаны белгілі болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сыртқы талдау жұмыстары кезінде бірқатар мектептерде міндетті биометриялық жүйенің орнына талапқа сай келмейтін терминалдардың қолданылғаны да анықталған. Қазіргі уақытта білім беру ұйымдарының директорларына қатысты қызметтік тексеріс басталды. Ал кәсіпкерлердің әрекетіне құзырлы органдар тарапынан құқықтық баға берілмек.

Айта кетейік, білім саласын цифрландыру нәтижесінде өткен жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында бюджеттен бөлінген қаражаттың 700 миллион теңгесі үнемделген.

Биыл Шымкент қаласында 102 мың оқушыны тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету үшін 18 миллиард теңге бөлінген.

"Мемлекеттік тапсырысқа қайшы келеді. Әр бала тамақтанатын кезде өзі тіркелуі керек. Тамақтанатын болса ғана біз қаражат төлеу керекпіз. Кәсіпкерлермен келісімшарт онсыз да осы оқу жылының соңында аяқталуы тиіс. Әрі қарай біз жаңадан басқа кәсіпкерлер қосамыз немесе оны жалғастырамыз. Әлі шешім қабылданбады", – деп мәлімдеді қалалық білім басқармасының басшысы Қуаныш Ысқақов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу