Шымкенттегі мотобайк фестиваліне жүздеген байкер қатысты

641

Шымкенттегі мотобайк фестиваліне  жүздеген байкер қатысты

Оған ел өңірлерінен бөлек, Ресей, Словакия және Германиядан келген жүздеген байкер қатысты, деп хабарлайды khabar.kz.

Араларында әуесқойлар да, тәжірибелі жүргізушілер де бар. Солардың бірі – Николай Ерема. Ол МЦ 250 деп аталатын мотоциклын ешқандай да жаңа көлікке айырбастамайтын айтады. Кеңестік кезеңнен қалған мотосы талай бәсекелерде топ жарған көрінеді. "Мен көптен бері осы спортпен шұғылданып келемін. Әр сенбі, жексенбіде жиналып, жаттығу жасаймыз. Фестивальға әр жақтан жиналып, өз өнерлерімізді көрсетудеміз", - дейді ол.

Ал Словакиядан келген қатысушы Роберт "Жолай байкерлермен жүздесіп, Шымкентте ауқымды фестиваль өткелі жатқанын естідім. Сосын қатысуды жөн санадым. Бұл жер маған ұнады", - дейді .

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу