Шымкенттегі наубайханалар жабылуы мүмкін

2040

Қаладағы бірқатар наубайхана қожайындары осылай дабыл қағуда.  

Шымкенттегі наубайханалар жабылуы мүмкін

Нан жабуды табыс көзіне айналдырғандар ұнның қымбат болуынан күн сайын едәуір шығынға ұшырап жатырмыз деген уәж айтады, деп хабарлайды Atameken Business.

 Сондықтан ас атасының бағасын көтеруді сұрап отыр.  Себебі, қала әкімдігі белгілеген 70 теңге шығындарды ақтамайды екен. Ал, 50 келі ұнның бағасы 5 200 теңгеден 6 800 теңгеге дейін қымбаттаған.

Кәсіпкерлердің айтуынша, шаһар басшылары 10-шы қаңтарға дейін шыдауды сұраған.  Егер бағаны тұрақтандыру бойынша тиісті шаралар қабылданбаса, онда наубайханалар 10 күннен кейін-ақ жабыламыз дейді. Десе де құрамына  36 наубайхана кіретін қауымдастық төрағасы Әбдімәлік Көмекбаев жергілікті биліктің нан пісірушілерге қолдау көрсете бастағанын айтады. Оның сөзінше, қала басшылығы наубайханаларға қабын 5900 теңгеден арзан ұн беруге уәде берген. Бұл мақсатқа тұрақтандыру қорынан  100 млн теңге бөлінген деп отыр. Айта кетейік, шым қаланы толықтай нанмен қамтамасыз ету үшін наубайханаларға күнделікті 65 тонна ұн қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу