Шымкенттегі ОҚМПУ мемлекеттік мәртебесінен айырылмақ

1725

Бұдан бөлек университетке Өзбекәлі Жәнібековтің есімі беріледі.

Шымкенттегі ОҚМПУ мемлекеттік мәртебесінен айырылмақ Фото: okmpu

Ғылым және жоғары білім министрлігі тиісті бұйрық жобасын жария талқылауға ұсынды, деп жазады inbusiness.kz. 

"Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы "Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы болып қайта аталсын. "Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамына Өзбекәлі Жәнібековтің есімі берілсін", - делінген құжатта.

Бұйрық жобасына қоса берілген түсіндірме жазбада көрсетілгендей, бұл жоғары оқу орындарының оқытушыларының мәртебесін арттырып, отандық ғалымдардың ЖОО ғылымға қосқан үлесінің жоғары бағасын көрсететін болады.

Құжатты көпшілік талқылау "Ашық НҚА" порталында 24 шілдеге дейін жалғаспақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу