Шымкенттегі пәтерлердің бірінен үндістандық екі студенттің денесі табылды

209

Студенттер неден қайтыс болды?

Шымкенттегі пәтерлердің бірінен үндістандық екі студенттің денесі табылды Фото: matritca.kz

Шымкентте пәтерлердің бірінен үндістандық екі студенттің мәйіті табылды. Олардың нақты неден көз жұмғаны белгісіз, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Қалалық төтенше жағдайлар департаменті ақпаратты растады. Екі жігіттің мәйіті 17 қыркүйек күні таңертең табылған. Өлімнің себебі әзірге белгісіз.

Әлеуметтік желідегі деректерге сүйенсек, Үндістаннан келген 21 және 22 жастағы екі жігіт  Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының 2 курс студенттері болған. Олардың мәйіттері аталмыш университеттің басқа да студенттері тұратын пәтерден табылды.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, шетелдіктердің өлімінің себебі әлі белгісіз, нақты ақпарат тек сот-медициналық сараптама қорытындысынан кейін ғана жарияланады.

Газ қызметкерлерінің айтуынша, пәтерде газ иісі анықталмаған. Студенттердің мәйіттері пәтердің жатын бөлмесі мен дәлізінен табылды.

Еске салсақ, бұған дейін Астанадағы мектептердің бірінде 14 жастағы қыздың денесі табылғаны туралы жазған едік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу