Шымкенттегі шаруашылықта бірнеше есектің өлексесі табылды

349

Жергілікті ветеринариялық инспекция өкілдері қожалықта 104 есек барын анықтады. 

Шымкенттегі шаруашылықта бірнеше есектің өлексесі табылды Фото: mozaweb

Әлеуметтік желіде Шымкентте есектерді белгіленбеген орында сойып жатыр деп түсірліген видео тарады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жауапты мамандардың айтуынша, оқиға 12 мамыр күні Құрсай шағынауданында болған. Қазіргі уақытта тиісті қызметкерлер шаруашылық орнына барып, анықтау-тексеру жұмыстарын жүргізуде.

Ветеринариялық инспекция мамандарының сөзінше, сойылған есектің еті сатылмаған. Және қызметкерлердің қатаң бақылауында тұр. Олар сойылған есек саны төртеу екенін айтады.

"Қазіргі уақытта инспекция тарапынан аталған орынға тиісті ветеринариялық санитарлық бақылау қадағалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, аталған факттерге қатысты мал сою жағдайлары орын алған. Яғни, ол жер мал сою орны болып белгіленбеген. Малдың тиісінше ветеринариялық санитарлық қорытынды алып, белгіленген орында сояды", - дейді  Шымкент қаласы ветеринариялық инспекциясының бөлім басшысы Сырым Қарабек. 

Мамандар шаруа қожалығы жалға берілгенін айтады. Онда шаруа иесі 104 бас есек баққан. Әзірге оның малды қандай мақсатта асырағаны белгісіз. Ветеринариялық инспекция қызметкерлері белгіленбеген орында мал союға болмайтынын, егер орын алған жағдайда айыппұл қарастырылғанын ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу