Шымкенттегі шұлық фабрикасы жылына 16 млн жұп өнім шығарады

1580

Зауыт өндірістің толық циклін қамтиды.

Шымкенттегі шұлық фабрикасы жылына 16 млн жұп өнім шығарады

Шымкет қаласында орналасқан шұлық тоқитын фабрика жылына 16 млн жұп өнім шығарады.

Сонымен қатар кәсіпорын 1 мыңнан аса бұйым түрлерін жасай алады. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хабарлауынша Alemsocks сауда маркасымен танылған өнімдер Қазақстанның, сондай-ақ ЕАЭО және Еуропа елдерінің тұтыну нарығына шығарылған.

"Оңтүстік Кореядан сатып алынған заманауи технологиялық жабдықтарды пайдалану, өндірісте жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбек өнімділігін ынталандыру – отандық және шетелдік нарықта жоғары сұранысқа ие сапалы шұлық өнімдерін шығаруға мүмкіндік береді. Зауыт өндірістің толық жабық циклін қамтиды: бастапқы шикізатты өңдеуден бастап дайын өнімді шығаруға дейін. Технологиялық жабдықтың 250-ге жуық бірлігі 24/7 режимінде тапсырыстарды орындайды", – деп хабарлады министрлік.

Кәсіпорын 2015 жылдың желтоқсанында Индустрияландыру картасы аясында пайдалануға берілді. Жалпы фабрикаға құйылған инвестиция көлемі 1 млрд 800 млн теңгені құрайды. Өндіріс ошағында 250 адам тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етілді.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу