Шымкенттегі студенттер жатақханасының құрылысы талаптарға сай емес

159

А.Байтұрсынов көшесі 12/2 мекен-жайында орналасқан жатақхананың орналасуы сәулет құрылыс талаптарына сәйкес емес. Ғимарат сол маңдағы көпқабатты тұрғын үйге тым жақын салынған болып шықты.  

Шымкенттегі студенттер жатақханасының құрылысы талаптарға сай емес Фото: kasipkerlik_shymkent

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті кемшіліктерді анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы тарапынан тұрғынның арызы негізінде тексеру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде тапсырыс беруші, автор қадағалаушы, техникалық қадағалаушы және мердігерге ҚР ӘҚБтК-не сәйкес шара қарастырылды.

Нысанның жоспарлау құжаты мен эскиздік жобасы министрліктің нұсқамасына сәйкес күшін жойған.

Айта кетейік, Шымкенттегі 550 орындық студенттер жатақханасын 2015 жылы құрылған "SUNRISE CY" ЖШС компаниясы пайдалануға берді. Жалпы ауданы 6000 шаршы метрден асады және 2 ғимаратты қамтиды: 3 қабатты және 5 қабатты.

Жоба "Қарапайым заттар экономикасы" мемлекеттік бағдарламасының қолдауының арқасында жүзеге асырылды, оның аясында компания 2023 жылы "Forte Bank" АҚ-тан жылдық 21% мөлшерлемемен қаржыландыру алды. Оның 11% "Даму" қоры субсидиялайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу