Шымкенттегі тұрғын үйлердің бірінен жанар-жағар майды қолдан жасайтын жасырын цех анықталды

1313

Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жекеменшік үйді тексеру кезінде мұнай өнімдерін араластыратын құрал-жабдықтарды тапқан.  

Шымкенттегі тұрғын үйлердің бірінен жанар-жағар майды қолдан жасайтын жасырын цех анықталды

Шымкенттегі тұрғын үйлердің бірінен жанар-жағар майды қолдан жасайтын жасырын цех анықталды, деп хабарлайды Atameken Business.

Белгілі болғандай, үш тұрғын бірігіп осы цехтың жұмысын жүргізіп келіпті. Олар қаңтар айынан бері жағар майды арзан пеш майымен араластырып,  үлкен көлемде сапасыз дизель отынын шығарып отырған. Қолдан жасалған жанар-жағар майды Шымкент қаласы және Түркістан облысындағы автожанармай құю бекеттеріне жеткізіп, пайда таппақ болыпты.

Алайда оңай жерден олжалы болғысы келгендердің арам ойы жүзеге аспай қалды. Олардың арнайы цистернаға тиелген сапасыз өнімдерін Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері тәркілеп алды. Тексеру  нәтижесінде 68 мың 230 литр дизельдік отын бойынша келтірілген залалдың көлемі  12 млн 213 мың теңгені құрап отыр. 

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып,  сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Департаменттің тергеушілері жыл басынан бері заңсыз мұнай өнімдерін сату бойынша үш дерек тіркелгенін айтады.  Өзге екі  жағдай бойынша сатушылар мұнай өнімдерін қандай да бір заңды құжатынсыз саудаламақ болғаны анықталған.


Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу