Шымкенттегі жарылысқа байланысты қылмыстық іс қозғалды

771

Бүгін таңертең сағат 11:00 шамасында Жібек жолы даңғылының бойындағы "МУРАЗ" компаниясының авто-газ құю бекетінде жарылыс болып, салдарынан зардап шеккен бір адам ауруханаға жеткізілген. 

Шымкенттегі жарылысқа байланысты қылмыстық іс қозғалды

Шымкент қаласындағы Тассай шағынауданында болған жарылысқа байланысты Қылмыстық кодекстің 292-бабының 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Естеріңізге салайық, бүгін Шымқалада газ қоймасы аумағында жарылыс болды. Жібек жолы даңғылында орналасқан "Мураз" ЖШС газ құю стансасы аумағында орналасқан газ қоймасы өртке оранған. Өрт 7 мамыр күні 11:03-те басталған.

"Өрт сөндіру бөлімшелері 11:20-да келіп жетті. 200 текше метрлік сиымдылықтағы жердегі цистернада өрт тұтанғаны анықталды. Артынан үш автоцистерна және бір тіркеме-прицеп отқа оранып, жарылған", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Қалалық департамент дерегінше, газ қоймасындағы өрт 12:21-де оқшауландырылды және 12:53-те толық сөндірілді.

Төтенше жағдайлар салдарынан нысанның бір қызметкері – 1999 жылы туылған жас жігіт зардап шеккен. Күйіп қалған ол ауруханаға жеткізіліпті.

Осыған дейін Қызылорда ГАЗ ЖШС-нің газ құю бекетінде осындай жағдай тіркелген. Бұл оқиғалардан кейін "ҚазТрансГаз" акционерлік қоғамы кеңсесіне азаматтардан шағымдар келіп түсе бастады. Компанияның баспасөз қызметі газ құю бекеттері жекеменшік нысан және олардың бізге еш қатысы жоқ деген мазмұнда жауап қайтарды, деп жазады 24.kz.

Жағдайды қазір төтенше жағдайлар комитеті өз бақылауына алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу