"Шымкент қаласындағы №1 облыстық перинаталдық орталықта жарылыс кезінде 189 пациент пен 65 қызметкер болған. Жарылыс салдарынан орталықтың күзетшісі және 1 нәресте көз жұмды. Шетінеген сәби 18 күн бұрын туған. Тағы 8 адам зардап шегіп, қаланың медициналық мекемелеріне жатқызылды. Атап айтқанда, облыстық клиникалық ауруханаға, қалалық №1 және №2 ауруханаға жатқызылды", – делінген басқарма хабарламасында.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінен мәлім болғанындай, Өмірзақ Шөкеев тиісті органдарға қайтыс болған күзетшінің отбасына материалдық көмек беру, яғни жерлеу рәсімінің шығынын толық көтеруді тапсырды.