Шымкенттегі жарылыстан зардап шеккен жігіт қайтыс болды

922

Денесінің 98 пайызын күйік шалған науқасқа барлық ем-дом жасалғанымен, аман алып алып қалу мүмкін болмаған. 

Шымкенттегі жарылыстан зардап шеккен жігіт қайтыс болды

Шымкенттегі газ сақтау стансасында жарылыстан зардап шеккен 20 жастағы жігіт қайтыс болды. Бұл туралы Т.Орынбаев атындағы жоғары қысымды оксигенация орталығының мамандары мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Орталықтың бас дәрігері Мәдина Ермаханбетованың сөзінше, денесінің 98 пайызын күйік шалған науқасқа барлық ем-дом жасалғанымен, аман алып алып қалу мүмкін болмаған.  "Зардап шеккен азамат 18:10-де қайтыс болды. Жалыннан жігіттің бетін, мойнын, қолдарының жоғарғы және төменгі жақтарын 3-ші және 4-ші дәрежелі термиялық күйік шалған. Ол жасанды тыныс алу аппаратында жатты. Жарақаты ауыр болатын. Барлық қажетті көмек толық көлемде қамтамасыз  етілгенімен,  өмірін сақтап қалу мүмкін болмады", - деді Мәдина Ермаханбетова.

Еске салайық, Шымкенттің іргесіндегі елдімекенде газ сақтау станциясында жарылыс болып, бір жұмысшы зардап шеккен болатын. Дәрігерлер оның жағдайын өте ауыр деп бағалап, жансақтау бөліміне жатқызған. Осы оқиғаға қатысты полиция қызметкерлері қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу