Шымкенттегі жатақханада студент қайтыс болды

720

Шымкентте жатақханалардың бірінде колледж студенті қайтыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Шымкенттегі жатақханада студент қайтыс болды

22 қыркүйекке қараған түні Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы ПБ кезекші бөліміне жедел жәрдем бригадасынан колледждердің бірінің жатақханасынан 1-курс студентінің мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түскен. 

Куәгерлердің айтуынша, студенттердің бірі жігітті кеудесінен, ал екіншісі иығынан ұрған. Салдарынан ол өзін нашар сезінген. Студенттер жедел жәрдем шақырған, алайда медицина қызметкерлері жас жігітке көмек көрсетіп үлгермеген. Әл-Фараби АПБ қызметкерлері ҚР ҚК 106-бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу