Шымкенттегі жүрек орталығы Назарбаев Университетінің меншігіне өтеді

909

​Үкіметтің қаулы жобасы Ашық НҚА порталында жарияланған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шымкенттегі жүрек орталығы Назарбаев Университетінің меншігіне өтеді Фото: newsroom.kz

"Шымкент жүрек орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетінің 100 пайызы Шымкент қаласының коммуналдық меншiгінен шығарылып, Назарбаев Университеті дербес білім беру ұйымының меншігіне өтеусіз негізде берілсін. Шымкент қаласының әкімдігі Назарбаев Университетімен бірлесіп, ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын", - делінген хабарламада.

Құжат 28 шілдеге дейін көпшілік талқылауда болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу