Шымкенттегі зообақ жаңа маусымын ашты

1598

Шымкенттегі зообақ жаңа маусымын ашты

Шымкент қаласындағы зообақта жаңа маусым салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бұл іс-шара Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылды. Таңертеңнен қала және облыс тұрғындар жануарларды тамашалау үшін зообаққа ағылды. Мұнда жиналған тұрғындардың қарасы мол. Ересектер мен балалар, әсіресе, керік Астананы тамашалап, балалар алып жануардың жеміс-жидек жегенін қызықтады. Мерекелік іс-шараға орай зообақта аниматорлардың қызықты бағдарламалары мен түрлі сайыстар ұйымдастырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу