Шымкенттен 7 қалаға халықаралық тікелей әуе рейстері ашылды

145

Бұдан былай жергілікті тұрғындар Алматы, Астана қалаларына сабылмай алыс-жақын шетелдерге халықаралық Шымкент әуежайынан тікелей ұша алады.  

Шымкенттен 7 қалаға халықаралық тікелей әуе рейстері ашылды Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

SCAT компаниясы тағы да бірнеше бағытқа әуе рейсін ашты, деп хабарлайды inbsuiness.kz сайты.

Халықаралық Шымкент әуежайынан 5 елдің 7 қаласына, яғни Мажарстан, Германия, Корея, Қытай және Египетке тікелей рейспен ұшуға мүмкіндік бар. Алғашқы рейс Мюнхен мен Будапешт бағытына ұшады.

Әуе рейстерінің ашылуы Шымкентке келетін туристердің артуына тікелей әсер етеді.

Қазіргі таңда SCAT әуекомпаниясында 37 ұшақ бар. Оның 22-сі ішкі қатынасты қамтамасыз етсе, қалған 15 ұшақ шет мемлекеттерге қатынайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу