Шымкенттен Мюнхенге тікелей әуе рейсі ашылмақ

184

Отандық әуе компаниясы мамырдан бастап Германияға қатынайтын жаңа әуе маршрутын іске қосады.  

Шымкенттен Мюнхенге тікелей әуе рейсі ашылмақ Фото: gov.kz

ҚР Көлік министрлігі тұрақты негізде ұшу географиясын кеңейту және қолданыстағы маршруттар бойынша рейстер санын арттыруды одан әрі жалғастырады. 

Биыл 27 мамырынан бастап қазақстандық "SCAT" әуе компаниясы Шымкент – Мюнхен бағыты бойынша Германияға жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Рейстер аптасына 3 рет (сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері) орындалады. Қазақстан мен Германия арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 11-ден 14-ке дейін артады.

Бұл екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етпек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу