Шымкенттен Өзбекстанға "Достық керуені" жолға шықты. Керуен құрамында ассамблея мүшелері, зиялы қауым өкілдері, жастар мен БАҚ өкілдері бар, деп хабарлайды otyrar.kz.
Бұл іс-сапар Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Өзбекстан интернационалды мәдени орталығының арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында іске асырылып отыр.
Өзбекстанға бет алған керуен мүшелері 10-12 қазан аралығында Ташкенттегі Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, Төле би бабамыздың мазаратына зиярат етеді. Әрі қарай Самарқандағы Әмір Темір және Жалаңтөс баһадүрдің, Бұхарадағы Бахауддин Накшбандидің кесенесімен таныспақ.
Сонымен қатар, "Достық керуенінің" мүшелері Өзбекстан интернационалды мәдени орталығы мен Өзбекстандағы қазақ мәдени орталығында болып, өзбекстандық қазақ жастарымен кездеседі.