Шымкенттен тастанды қыз табылды

1107

Шымкенттен тастанды қыз табылды

Шымкентте медицина орталығының маңындағы көшеден жаңа туылған қыз бала табылды, деп хабарлайды өңірлік TVK телеарнасы.

Сәбиді Гагарин көшесінің бойында орналасқан медицина орталығының дәрігерлері мен күзетшісі сенбі күні таңертең тапқан. Қыз банкомат пен қоқыс багы арасында қанның үстінде, ал жанында ұрық жолдасы жатқан. Сол арқылы сәбиді анасының көшеде босанып, кетіп қалғаны туралы болжам жасауға болады. Жаңа туған сәби №2 облыстық перинатальдық орталықтың жан сақтау бөліміне жатқызылды. Ол ауыр халде. Бұл дерек бойынша полицияның ҚР ҚК-нің 119-бабы бойынша (Қауіпті жағдайда қалдыру) қылмыстық іс қозғағаны белгілі болды. Полиция қызметкерлері медицина орталығының бейне бақылау камераларының жазбаларын алған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу