Шымкенттен Түркістанға көшу басталды

1191

Түркістан қаласында қаржы министрлігіне қарасты аумақтық органдардың өкілдігі ашылды.

Шымкенттен Түркістанға көшу басталды

Шымкент қаласында орналасқан аумақтық органдардың бірі — мемлекеттік кірістер департаменті облыс орталығы Түркістан қаласына алғашқылардың бірі болып көшті бастады. Яғни, Түркістан қаласында бүгін ҚР қаржы министрлігіне қарасты аумақтық органдарының өкілдігі ашылды, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Заманауи құрылғылар арқылы көрсетілетін сапалы қызмет — бюджеттің салық түсімін көбейтуге септігін тигізеді. Мұнда 48 түрлі қызмет көрсетілсе, оның 40-ы электронды түрде көрсетіледі.

Жалпы облыс бойынша бүгінгі күнге дейін аталған мекеме арқылы халыққа 1 млн 48 мың қызмет көрсетілсе, оның 941-і электронды түрде атқарылған.

Еске сала кетейік, жалпы Түркістан облысы бойынша Шымкент қаласында орналасқан 30 аумақтық мемлекеттік орган бар болса, келесі айдың ішінде олардың барлығы Түркістан қаласына көшпек. Әкімдікке қарасты облыстық 24 басқарма да келесі айда толығымен көшіп, жаңа облыс орталығында өз жұмыстарын бастамақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу