Шымкентте ірі өрт болып, қаланы қара қою түтін басты

116

Қызыл жалын 1200 шаршы метрден астам аумақты шарпып үлгерген.  

Шымкентте ірі өрт болып, қаланы қара қою түтін басты Фото: t.me/qr_tjm

Техниканы жоюмен айналысатын аймақтағы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінде пластик пен резинадан жасалған бұйымдардан жасалған заттардың қалдықтары сақталатын қойма өртенді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Ауаға қою қара түтін таралып, айналаны көру мүмкіндігі шектелді. Жақын арадағы аудан тұрғындары түтін исі мен тыныс алу жолдарының зақымдануына шағымданды.

Оқиға орнына ТЖМ өкілдері келді.

"Өрт сөндірушілердің жедел әрі үйлесімді қимылдарының арқасында 1200 шаршы метр аумақты шарпыған өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлады Шымккент ТЖД өкілдері.

Қазір өрттің себеп-салдары анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу