Шымкенттік алаяқ науқас балалардың суретін пайдаланып, 32 млн теңгені қалтасына басқан

997

Ол әлеуметтік желіде науқас балалардың суретін жариялап, азаматтардан ақша жинаған.

Шымкенттік алаяқ науқас балалардың суретін пайдаланып, 32 млн теңгені қалтасына басқан Фото: видеодан алынған кадр

Алматы полициясы 32 млн теңгеден астам қаржыны жымқырған алаяқты ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Полиция қызметкерлері Шымкент қаласының тұрғынын ұстады. Ол Талғар ауданындағы балалардың еміне қаражат жинауға көмек көрсету сылтауымен Instagram әлеуметтік желісінде парақша ашқан.

"Алаяқ әлеуметтік желіде онкологиялық аурумен ауыратын балалардың суреттерін пайдаланып, жалған банк картасының деректемелерін орналастырғаны анықталды. Іздеу жұмыстарының нәтижесінде біз күдіктіні, яғни Шымкент қаласының тұрғынын анықтадық. Қазір 32 миллион теңгеден астам сомаға бастапқы шотқа 6 мыңға жуық ақша аударымы жасалғаны анықталды", – деп мәлімдеме берді Алматы облысы ПД.

Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Оның осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу