Тоқсан мың шырайгүл, сәлбен мен барқытгүл Астананы көркейте түспек. Мұндай сыйлықты ОҚО шаруасы Астананың туған күніне сыйлайтын болды. Сыйлық тиеген жүк көлігі жақын арада елордаға бет алмақ, деп хабарлайды 24.kz.
Уктам Абдурасуловтың айтуынша, ол жыл сайын жылыжайда миллионға жуық гүл өсіреді екен. Өткен жылы оның гүлдері ЭКСПО халықаралық көрмесіне орай елорда сәнін келтірді. Сондай-ақ Өскемен, Талдықорған, Алматы қалаларына да жіберілген.
Шаруа гүлдерін келесі жылы Ресей нарығына шығаруды жоспарлап отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу