Украиналық келіншек Шымкенттегі периниталдық орталықта босанды

172

Ал нәрестеге күрделі операция жасалды. 

Украиналық келіншек Шымкенттегі периниталдық орталықта босанды Фото: видео скриншот

Шымкент қалалық перинаталдық орталық дәрігерлері украиалық әйелді босандырып алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Диана Щебетун жүктіліктің 33-аптасында толғағы қысып, жедел жәрдем көлігімен перинаталдық орталыққа жеткізілген. Дүниеге келген сәбиге дәрігерлер "өңештің артрезиясы" диагнозын қойған. Өңештегі туа біткен ақауды хирургиялық жолмен емдеу операциясы сәтті өткен. 

"Барлық медициналық шаралар міндетті әлеуметтік сақтандыру аясында тегін көрсетілді. 1700 грамм салмақпен туған ұл бала бүгінде салмақ жинап, 2 келіден асты. Денсаулығы жақсарған анасы мен баласын перинаталдық орталық дәрігерлері бүгін үйіне шығарды", - делінген әкімдік мәліметінде. 

Айта кетейік, Украинадан келген әйелдің өзі де дәрігер екен. Ал жолдасы - "Қызылжар" футбол клубының ойыншысы. Келіншек жолдасымен бірге Шымкентке жұмыс бабымен келген. Сол кезде толғағы қысып, периниталдық орталыққа жеткізілген.

Украина азаматшасы сәбиін аман алып қалған дәрігерлерге алғысын білдірді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу