Шымкенттік демеушілер қос ардагерге көлік мінгізді

183

Бүгінде қалада Ұлы Отан соғысының ардагерлерінен тек Нина Мосунова мен Мұраталы Төлепбергенұлы қалған.  

Шымкенттік демеушілер қос ардагерге көлік мінгізді Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

Ардагерлерге "Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл" мерекелік медальдары табысталды. Сонымен қатар демеушілер есебінен жаңа көліктер сыйға берілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков ардагерлерді атаулы күнімен құттықтап, "Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл" мерекелік медальдарын табыстады, Мемлекет басшысы мен ҚР Қорғаныс министрінің атынан құттықтау хаттарын оқыды.

Майдангерлердің құрметіне аулаларда жеке шерулер ұйымдастырылды. Ардагерлерге демеушілер тарапынан жаңа көліктердің кілттері табысталды.

Мұраталы Төлепбергенұлы 1925 жылы Жаскешу ауылында дүниеге келген. 1943 жылы небәрі 18 жасында қолына қару алған. Соғыс жолы Брест қамалынан басталып, Варшава, Данск, Виссмарк, Биттенберг және Перлеберг секілді қалаларды азат ету шайқастарымен жалғасады. Жауынгер Жеңісті Германияның Биттенберг қаласында қарсы алады. Елге тек 1950 жылы оралды. Ол ІІ дәрежелі "Отан соғысы" орденімен, сондай-ақ "Ерлігі үшін", "Варшаваны азат еткені үшін", "Германияны жеңгені үшін" сынды бірнеше медальмен марапатталған. 

Соғыстан кейінгі бейбіт өмірде трактор бригадасын басқарды, есепші болды, фермада басшылық қызмет атқарған. 

Екі ұл мен алты қыз тәрбиелеп өсірген абыз қария бүгінде 21 немере мен 3 шөберенің атасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу