Шымкенттік дендрологиялық саябақ бюджеттен 14,7 млн теңге жымқырған

210

Айыпталушылар сотқа жолданды. 

Шымкенттік дендрологиялық саябақ бюджеттен 14,7 млн теңге жымқырған Фото: vera.kz

Антикор хабарлауынша, "Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы" МКҚК директоры және оның сыбайластары үлкен көлемде қаржы жымқырған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет А. Асқаров атындағы "Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы" МКҚК директорына, кадр бөлімінің басшысына, сондай-ақ бас бухгалтеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады", — деді Антикор ресми өкілі Данияр Бигайдаров.

Олар аталған саябақта нақты еңбек қызметін жүзеге асырмаған тұлғаларға жалақыны заңсыз есептеу жолымен 14,7 млн теңге бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталуда.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу